Рамазан айы басталғалы бидға мәселесімен бастары қатқан бауырларымыздың бір тобы әр елдің мешіттерінде тарауық намазының төртінші ракағатынан соң оқылатын дұға мен тасбихқа белсенді түрде қарсы шыға бастады. Бұл дұға көптеген елдерде жасалады, себебі ол жерде Алланы мадақтап, Оған жүзді қарата Жәннат сұрау бар. Осыған қарамастан, бұл дұғаның міндетті екендігіне және де әр адам оны тек арнайы бір қалыпта жасауы шарт дегенге дәлел жоқ. Егер адам Алла Тағаланы мадақтағысы келіп, Оған басқа сөздермен дұға жасап, жалбарынғысы келсе ешқандай кедергі жоқ. Алланы мадақтап, Оған дұға етуді қаламайтын адам өзгелерді де ол нәрседен тыя бастағанда бүлік тағы көтеріледі. Осылайша барша мұсылмандардың қасиетті айында үмметтің арасында әдеттегі бүлік басталады. Орталық мешіттің наиб имамы Оралхан Сейдуманов жамағатқа тарауық намазы дұғасының мағынасын және Шариғаттың рұқсат бергені жайлы түсіндіреді. Azan.kz - Исламский портал (Официальный сайт Центральной мечети г.Алматы) azan.kz - наш официальный сайт vk.com/azan_kz - мы вКонтакте www.facebook.com/Meshet.kz - мы в Facebook